Маусымдық аллергия емделе ме?
Фото: medaboutme.ru
Бұл сұрақ қазір екінің бірін толғандырып жүр. Өйткені кейінгі жылдары иммундық дертпен күресіп жүргендер саны күрт артқан. Мамандар аллергияның асқынуына адамдардың немқұрайлығы себеп деп отыр. Жаз айында басталып күзге дейін жалғасатын маусымдық аллергия кезеңінде қалай қорғану қажет? Жалпы аллергияны емдемеу қауіпті ме? Осы орайда біз аймақтағы білікті аллерголог-иммунологтардың бірімен кездесіп, көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Көктем – табиғаттың қысқы ұйқыдан оянатын ғана емес, аллергендердің де асқынатын шағы. Дәрігерлер көктем-күз аралығында болатын аллергияны шаң-тозаң мен өсімдіктердің көбеюімен байланыстырады. Статистика бойынша, маусымдық аллергия жер бетіндегі әр бесінші адамда кездеседі, кейінгі кездері мамандар аллергияны XXI ғасырдың індетіне айналып бара жатқанын айтып, дабыл қағуда.
Қалай қорғану керек?
Аллергияның бірнеше түрі бар. Бүгінгі біздің тақырыбымызға арқау болатын – өсімдік аллергиясы. Ғылыми тілде айтар болсақ, аллергияның бұл түрі – поллиноз деп аталады. Көпшілік бұл кезеңде қалай қорғану қажет екенін білмейді, салдарынан дерт асқынып жатыр.
Осы тұрғыда аллерголог-иммунолог маманның ойын білсек.
Дәрігер аталған талаптардан бөлек, антигистаминдер тобына жататын екінші дәрежелі дәрілік препараттарды қабылдау маңызды шаралардың бірі деп отыр. Сондай-ақ көз бен мұрынға арнайы тамшыларды тамызуды ұмытпау және аллерголог маманның көмегіне міндетті түрде жүгінуді ұсынады.
Аллергия және диета
Аллергиядан жаңа туған шақалақтан бастап 50-60 жастағы егде адамдар да зардап шегеді. Мамандар бұл дертті көбіне генетикамен байланыстырып жатады, дегенмен жүре келе пайда болуы әсте ғажап емес. Аллергияға көбіне иммундық жүйесі толық қалыптаспаған жандар ұшырайды. Сондай-ақ аллергия аптап ыстықта қозады. Ал ылғалды температура олар үшін қолайлы саналады. Аллергиясы бар науқас үшін асқынулардың алдын алуға диета көмектеседі. Аллерголог-иммунологтар рационнан мүлдем сызып тастайтын тағамдардың бар екенін айтады.
Аллерголог маман маусымдық аллергияны емдеуге болатынын айтты. Дәрігер қарауында болған науқасқа қыс мезгілінде арнайы ем жасалады екен. Ол не үшін?
Аллергиядан құлантаза айыққысы келетіндермен қатар бұл дертке немқұрайлы қарайтындар да жоқ емес. Аллергологтар аллергияны емдемей жүрудің салдары да қиын екенін ескертеді. Өйткені ресми дереккөздерге сенсек, маусымдық аллергияның 40%-ы бронх демікпесіне алып келеді, яғни ентікпеге дейін асқынып кетуі мүмкін.
Психосоматика не дейді?
Психологтар кез келген аурудың себебі адамның жанында, ойында, ішкі әлемінде деп жатады. Алғашқы кезде адамзат психосоматикаға аса мән бермегенімен, қазір көпшілік психологтармен келісе бастағандай. Тіпті кей практикаларда дәрігерлер мен психологтар бірлесіп жұмыс істеп жүр. Осы тұста біз де арнайы маманнан аллергияға не себеп болуы мүмкін екенін білдік.
Психолог мамандар егер адам ойын, сезімдерін ашық жеткізсе, аллергия да басылатынын айтады. Қатты күйзелісте жүрген жандар да аллергиямен ауруы мүмкін. Мұндайда адам өз ойына, тәніне демалыс беруі қажет. Зарина Қаһарман жұмысын бірінші орынға қоятындар да аллергияға жиі ұшырайтынын айтты.
Адам жаны қиналғанда, тәні де ауырады. Халық «Жаман ой – жаман ауру тудырады», – деп бекер айтпаса керек. Осы тұста аллергиядан зардап шегіп жүрген жандарға маман кеңесіне жүгінуді ұсынамыз. Өйткені бірінші байлық – денсаулық.