KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Самырсын күнін атап өтті

26.09.2013, 18:00 236


Риддер қаласының тұрғындары биыл екінші жыл қатарынан самырсын күні мерекесін атап өтті. Қаланың орталығындағы субұрқақтың жанына жиналған қалың жұрт бұл күнді есте қаларлықтай тойлады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мерекенің ашылу салтанатында тұрғындар мен қонақтарды қала әкімінің орынбасары Р.Дюсебаева мен осы шараға арнайы келген мәртебелі мейман, таулы Алтай мэрі Виктор Облонин құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Бұдан кейін таулы Алтайдан келген қонақтармен бірге самырсын көшеттерін отырғызу рәсімі жқргізілді. Көпшіліктің көңілін көтерген концерттік бағдарламада «Рябинушка», «Фабриканочка» ансамбльдері және Ә.Ділдақан, В.Воронцов, Л.Печатнова сынды өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты. Ең үздік суретке, шағын өлеңдерге байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар, алғыс хаттар табыс етілді.

Серік Әбілхан

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив