KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде «Жас Ұлан» республикалық әскери-спорттық ойындарын ұйымдастыру жоспарланып отыр

24.09.2013, 18:00 129


27-29 қыркүйек аралығында ШҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы мен ШҚО жастар орталығы жоғарғы сынып оқушылары арасында республикалық деңгейдегі «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бір ай ішінде аталмыш ойын мектепшілік, аудандық және қалалық деңгейде өткізілді. Жеңімпаздардың қатысуымен болатын ақтық ойын Семей қаласындағы «Жас Ұлан» әскери лицейінің оқу-жаттығу полигонында өтеді. Ойынға Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарының құрама командалары шақырылған.

Шараға ШҚ облысы әкімі Б. Сапарбаев, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бас қолбасшысылығы және ҰОС, Ауған соғыс ардагерлері қатысады деп күтілуде.

Ойынның жабылуы 29 қыркүйек күні жеңімпаздарды марапаттау салтанатымен аяқталады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив