KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Жол апатынан 28 жастағы жүргізуші Шығыс Қазақстанда көз жұмды

18.09.2013, 18:00 170


Шығыс Қазақстанда жол-көлік апатында 28 жастағы жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол басқармасының баспасөз ақпаратына сүйенсек, Өскемен – Шемонайха тас жолы бойында Предгорное ауылының маңында Митсубиси Галант автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, КамАЗ жүк көлігімен соғылған.

Жеңіл көлік Верх – Березовка ауылынан Глубокое кентіне қарай бара жатқан.

Осы жол апатында шетелдік көліктің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмып, оның 4 жастағы қызы бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив