KZ
Өскемен
ясно жел 0,2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылғанына 15 жыл толып отыр

18.09.2013, 18:00 314


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылғанына 15 жыл толуына орай «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі: қазіргі ахуалы мен болашағы. Мемлекеттік қызметке – кәсіби кадрлар» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Оның жұмысына облыс Әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Басқосуда Нұрымбет Сақтағанов облыс әкімі атынан мемлекеттік қызметкерлерді осы атаулы күнмен құттықтады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы – тәртіптік кеңестің төрағасы Тоқтамыс Жұмағұловтың айтуынша, бүгінге дейінгі кезеңде мемлекеттік қызмет сапасын реттейтін көптеген нормативтік-құқықтық актілер қа-былданып, елімізде кәсіби әрі тиімді мемлекеттік аппарат құрылған. ТМД елдеріндегі әріптестеріміздің мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделіне қызығушылық танытып, тәжірибе алмасуға ниетті болып отырғандығы осыған нақты дәлел болады.

Департамент басшысы ағымдағы жылдың 26 наурызынан бас-тап қолданысқа енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңна-малық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес корпустарға негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа тізілімі бекітіліп, соған орай бірінші кезектегі әкімшілік мемлекеттік қызметтің «А» корпусына кадрлық резервтерді таңдау, оларды тағайындау жұмыстары мәресіне таяп қалғанын жеткізді. Аталмыш шаруалар облыста 26 қыркүйекке дейін толықтай аяқталмақ. Бүгінгі таңда агенттікпен мемлекеттік қызметті одан әрі кәсібилендіру дәйекті түрде жүргізілуде.

Дөңгелек үстел барысында сөз алған «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Түсіпбеков аз уақыттың ішінде мемлекеттік қызметтің беделін көтеру бағытында көп жұмыстар атқарылғанын атап көрсетті.

Сондай-ақ, облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Бижанов, Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы Төлеген Сәрсембаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті жанындағы тәлімгерлік мәселелері бойынша үйлестіру-әдістемелік кеңесінің төрағасы Айтмұхамбет Құрманғалиев, облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Ирина Смит және басқалар мемлекеттік қызмет сала-сындағы реформаларға, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруге қатысты ойларын ортаға салды.

Департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов үлгілі еңбек етіп жүрген бір топ мемлекеттік қызметкерлерді мерекеге орай алғыс хатпен марапаттады.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив