KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Әйелін пышақтаған қылмыскер өзін-өзі өлтірмек болды

15.09.2013, 18:00 111


Өскемен қаласындағы «Абди» сауда үйінің артынан пышақталған әйелдің денесі табылды. Бұл қылмыс жайында полиция қызметкерлеріне қанды оқиғаны көргендер хабарлапты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

102 телефонына қоңырау шалғандар сауда үйінің артында бір ер адамның әйелді соғып жатқаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына келген полицейлер мойны мен кеуде тұсынан пышақталған 45 жастағы келіншектің мүрдесін көреді.

Оның күйеуін олардың сол маңайдағы пәтерінен тапқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін көрген ол дереу өзін-өзі мойны мен қарнына пышақ сала бастайды.

Күдікті ес-түссіз жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазір қылмысты іс қозғалып, тергену амалдары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив