KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Ақпараттық-насихат тобы елді мекендерді аралауға аттанды

31.08.2013, 18:00 156


Ата Заңымыздың 18 жылдығына орай Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Үржар ауданында үш бірдей ақпараттық-насихат тобы құрылып, елді мекендерді аралауға аттанды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Ауылдарда үгіт-насихат жұмыстарын атқарып жүрген топтың құрамында аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме және кәсіпорын жетекшілері және басқалары бар.

– Біздің мақсатымыз ел ішінде «Нұр Отан» партиясы-ның халықтық тұғырнамасын іске асыру бағдарламасын талқылау, Жолдаудан туындайтын саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасының мазмұнын қарапайым жұртқа тереңірек түсіндіру болып табылады. Сонымен қатар, олардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көзбен көру, мұқтаж жандарға көмектесу, – дейді үшінші топтың жетекшісі, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәуле Жүнісова.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив