KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2,5 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Бородулихада инвестициялық жобаларға бағытталған 223,5 миллион теңге игерілді

26.08.2013, 18:00 162


Бородулиха ауданында жеті инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 223,5 млн. теңге игерілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мал шаруашылығын дамыту бағытында 615 бас ірі қара мал, соның ішінде 194 млн. теңгеге 506 бас асыл тұқымды сиыр сатып алынды. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық құрылымы бойынша асыл тұқымды ірі қара мал 9673 басқа жетті. Бұл барлық мал санының 22,2 пайызын құрайды.

«Жұмыртқа бастыру» жобасын жүзеге асыру іс-шаралары бойынша 35 мың тауық балапаны, 3,5 мың үйрек балапаны, 1,5 мың қаз балапаны алынды. Бұл жобаны іске асыруға 4,5 млн. теңге жұмсалды.

Сондай-ақ, жобалық құны 14 млн. тұратын сиымдылығы 3,5 мың тонналық, жалпы ауданы 2,5 мың шаршы метр болатын екі астық қоймасы салынды.

Ал «Лада» шаруа қожалығының базасында Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университеті студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесін өткізуге арналған шаруашылық ашылды.

Бұған қоса, тағы жеті инвестициялық жобаны жүзеге асыру шаралары қолға алынды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив