KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 2,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Семейлік студенттер өндірістік тәжірибеден Бородулиха ауданында өтеді

28.03.2013, 18:00 295


Бородулиха ауданындағы «Лада» шаруа қожалығында Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университеті студенттерінің сабақтарын жалғастырып, өндірістік іс-тәжірибесін өткізуге арналған шаруашылық жұмыс істейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы университеттің ғалым-дары ауданда болып, мал шаруа-шылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының басшыларымен, мамандармен кездесіп, екіжақты іскерлік байланыстарын нығайта түсті.

Бородулиха ауданы – облыстағы ірі агроөнеркәсіптік өңірлердің бірі. Биылғы бірінші ақпандағы мәлімет бойынша ауданда 35615 ірі қара малы өсіріледі. Ауданның шаруашылық құрылымдарындағы асыл тұқымды ірі қара малының саны 8965 басқа жетіп, барлық малдың 25,2 пайызын құрады.

Қазіргі кезде аудандағы мал шаруашылығы қызметін ұйым-дастыруды және жүргізуді қамтитын зоотехник, мал дәрігері мамандары жетіспейді. Биыл университетті 16 мал дәрігері бітіріп, мамандық алып шығады. Кездесуде университет өкілдеріне шаруа қожалықтарының басшылары жас мамандарды ауылда тұрақтандыру үшін барынша әлеуметтік қолдау көрсететіндіктерін білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив