KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, С
441.58 480 4.86

Абайлықтар асыл тұқымды мыңғырған мал өсіріп отыр

4.04.2013, 18:00 140


Абай ауданындағы негізгі сала мал шаруашылығы болғандықтан шаруа қожалықтары малдың тұқымдық әлеуетін арттыру бағытында жұмыла жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандағы 24 шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасы негізінде 258 млн. 500 мың теңгенің несиесіне асыл тұқымды бұқалар мен ұрғашы мал сатып алды. Бұған қоса «Жайлау» бағдарламасы бойынша бөлінген 50 млн. теңгеге екі мың бас қой алып, өсіріп жатыр.

Сондай-ақ, былтыр асыл тұқымды қой сатып алуға 76 млн. 981 мың теңге қаражат және жылқы сатып алуға 15 млн. 946 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді. Аталған бағдарлама аясында асыл тұқымды 315 бас ірі қара малын сатып алған шаруашылықтарға мемлекет тарапынан 33 млн. 705 мың теңге субсидия төленді. Ірі қара малына селекциялық жұмыстар жүргізу үшін бөлінген 50 млн. 76 мың теңге игерілді. Қымыз өткізу бойынша 3 шаруа қожалығы 58 тонна қымыз өндіріп, 3 млн. 480 мың теңге субсидия алды.

85 шаруашылыққа қысқы уақытқа мал азығының бағасын жеңілдету үшін 24 млн. 691 мың теңге демеуқаржы берілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив