KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Жастарымыз құранды жатқа біледі

26.08.2013, 18:00 216


Семей шаһарындағы Әнет баба атындағы Орталық мешітте Құран оқудан республикалық жарысқа іріктеу сайысы өтті. Байқауға 15-25 жас аралығындағы жастар қатысты , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Бізге ең бастысы – Құранды дұрыс оқу керек, бұрындары балалар қысқа сүре мен намаздағы сүрелерді ғана жатқа оқыса, бүгінде олардың талаптары біраз биіктеді, – дейді ҚМБД-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы Мақсат Қуанышбекұлы.

Сонымен, іріктеу жарысында бірінші орынға семейлік Ерлан Серікұлы шықты, ол бес параны жатқа оқыды. Мәнерлеп оқудан Көкпекті ауданынан келген Райымбек Кәлімбеков үздік атанды.

Жеңімпаздармен қатар барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлығы берілді.

Жеңіске жеткендер қазан айында Алматы қаласында өтетін республикалық Құран оқу сайысына жолдама алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив