KZ
Өскемен
+6°
пасмурно Штиль
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда ана өлімі 3 есеге, бала шетінеуі 20%-ға азайды

23.08.2013, 18:00 165


Ана мен бала денсаулығы басты назарда. Қазіргі таңда елімізде ана өлімі 3 есеге, бала шетінеуі 20%-ға азайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қазақстан бала өлімін азайту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық Даму Мақсаттарына қол жеткізді. Бұл туралы ақпаратты аталған ұйымның Балалар қоры мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратып отыр.

Ведомствоаралық топ Қазақстандағы бала өлімінің көрсеткішін анықтау үшін маусым айында келген болатын. Олардың мақсаты елдегі ана мен бала өлімін азайтуға, денсаулық сақтау жүйесінің, оң ықпалын анықтау, жүргізілген ұлттық зерттеулер мен халық санағын, сонымен қатар, олардың мұқияттығын қоса алғанда Қазақстандағы өлім мен тууды тіркеу бойынша, деректер жинау жүйесін бағалау болды. Арнайы зерттеулер нәтижесі бойынша, еліміздегі бес жасқа толмаған балалардың өлімі, 1990 жылдан бері 60 пайызға дейін кеміген. Жалпы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бойынша халықтың өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұлғайып, ана мен бала өлімі 2 есеге қысқарады деген жоспар бар.

« Біз Қазақстанды бала өлімін азайту бойынша БҰҰ Мыңжылдық Даму Мақсаттарына қол жеткізуімен құттықтаймыз. Сіздердің әлемдегі өзге мемлекеттерге бұл мақсатқа осындай қарқынмен қалай қол жеткізуге болатынын үйрететіндеріңізге сенімдімін. Әрине, бұл нәтижеге оңай қол жеткізген жоқсыздар. Алайда, бұл қадамды келесі прогрессивтік серпілістің бастауы деп білемін» деді ЮНИСЕФ-тің ҚР өкілінің орынбасары Радослав Жеках.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив