KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Облыс басшысы өскемендік «Восток» футбол клубының басшылығы мен ойыншыларын қабылдады

17.08.2013, 18:00 97


ШҚ облысы әкімі Бердібек Сапарбаев өскемендік «Восток» футбол клубының басшылығы мен ойыншыларын қабылдады , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кездесу барысында негізінен командадағы моральдық-психологиялық ахуал, футболшылардың әрбір ойынға қаншалықты әзірлікпен шығатындықтары кеңінен әңгіме болды.

– Сіздермен бағдарламаның алғашқы бөлігі орындалып келеді деуге болады. Қазақстан Премьер-Лигасы чемпионатының бірінші кезеңінде біздің «Восток» тоғызыншы орынға тұрақтады. Десек те, команданың бұдан да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуіне мүмкіндіктер жоқ емес. Ол үшін нақты іске құрылған жоспар мен мықты ұйымдастырушылық қабілет қажет. Осы жағы кемшін түсіп жатқандай. Сіздердің алдарыңызда тұрған ең басты мақсат – Премьер-лигада нық тұрақтап қалу. Алдағы уақытта футболшыларымыз сол үшін тер төгулері қажет, – деп атап көрсетті облыс басшысы.

Ал команданың қазіргі жағдайы жөнінде «Восток» футбол клубының бас бапкері Александр Фомичев баяндап берді. Оның айтуынша,ойыншылардың негізгі құрамы анық-талған. Нәтижелер де жаман емес. Мәселен, жақында «Восток» футбол командасы Түркияда өткен Жоғары лига командаларының халықаралық турниріне қатысып, кубокпен табысты оралды. Біздің жігіттер Түрікменстан-нан келген қарсыластарынан пенальти сериялары бойынша айқын басым түскен.

Бұған қоса, талай республикалық, халықаралық дүбірлі додаларда Шығыс Қазақстанның намысын қорғап жүрген «Восток» футбол клубының жастар құрамы жақында ел чемпионы атанды. Бұл жеңіске жастарымыз қарсыластарынан оқ бойы ұзап, турнир мәреге жетпей жатып-ақ ие болды. Әрине, бұл жетістіктер біздің футболшыларымыздың жақсы нәтижелерге деген сенімдерін арттырып, жігерлерін жанығаны анық. Дегенмен, облыс әкімі нағыз сындарлы кезеңдердің әлі де болса алда екендігін тілге тиек етіп, жеңістер жолында аянбай тер төгу қажеттілігін баса атады.

– Мен командадағы біздің ойыншылардың қалай ойнайтынын жақсы білемін. Көріп те жүрмін. Олар кейде алаңда жүгірудің орнына, аяңдап жүреді. Олардан жүз пайыз қарымта көре алмай отырғанымды жасырмаймын. Ойынның нәтижесіне коман-дадағы моральдық-психологиялық жағдайдың да әсер ететіні белгілі. Ал менің білуімше, біздің футбол клубының басшылығы мен футболшылар арасында өзара түсіністік жоқ сияқты, – деді Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысының айтқандарын футболшылар да жоққа шығара алған жоқ. Олар ағымдағы жылдың маусымынан бері айлық алмаған көрінеді. Кездесуде ойыншылар облыс басшысынан осы қаржыландыру мәселесін шешіп беруді сұрады. Сондай-ақ, Премьер-Лигада айшықты ойын өрнегін көрсетуге уәделерін берді.

Облыс басшысының айтуынша, тамыз айында футболшылардың айлығы және сыйақы мәселесі толықтай шешілетін болады.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив