KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 9 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Егін орағын 7-10 күнге ілгерілетуге мүмкіндік бар

14.08.2013, 18:00 93


Ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты дәнді дақылдардың пісуін жеделдету үшін десикация әдісін пайдалану қажет. Бұл әдіс егін орағын 7-10 күнге ілгерілетуге мүмкіндік береді. А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Жексенбай Қасқарбаев осындай кеңес берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

− Жаз бойы жауған жауыннан дәнді және майлы дақылдардың пісуі кешеуілдеуде. Сондықтан, десикация әдісін пайдалану қажет. Ол үшін арнайы препараттар бар. Бұл шаруаны тамыздың соңында жүргізуге болады. Нәтижесінде алқаптағы бар егінді жинап алуға мүмкіндік туады, − дейді Ж.Қасқарбаев.

Оның пікірінше, жауын-шашынның мол түсуі дәнді дақылдар ауруларының өршуіне ықпал еткен. Әсіресе, жаздық бидайдың басты ауруы – септориоз тарап кетсе, астық шығымдылығы 20-25 пайызға төмендеуі ықтимал.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив