KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
441.58 480 4.86

Тұңғыш «Шыңғыстау жәрмеңкесі-2013» атты мал көрмесі-аукционы Абай жерінде өтеді

10.08.2013, 18:00 102


Тамыз айының 16-шы жұлдызында ШҚ облысы әкімінің бастамасымен Абай ауданының орталығы Қарауылда өңірімізде тұңғыш рет «Шыңғыстау жәрмеңкесі-2013» атты мал көрмесі-аукционы өткізіледі , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстарының арасындағы ықпалдастық аясында Абай ауданында өтетін «Шыңғыстау» жәрмеңкесіне әзірлік қызу жүруде.

Дәл қазіргі уақытта осы жәрмеңкеге қатысуға 269 шаруа қожалығы ниет білдіріп отыр. Олар асыл тұқымды мал көрмесіне 5050 ірі қара, 192 мың қой, 4590 жылқы апармақ. Ұйымдастырушылар іргедегі көршілер Ресей мен Моңғолия мемлекеттерінің өкілдеріне де шақырту жіберген.

Осының арқасында төрт облыс арасында өтетін жәрмеңке көптеген кәсіпкерлердің жұмысына үлкен серпін беріп, аймақтардың ет өнімдерін сыртқа саудалауға септігін тигізіп, халықтың әлеуетін көтереді деп күтілуде.

Сонымен қатар, Абай жеріне жолы түскен қатысушылар мен қонақтар осынау жәрмеңкеге қатысудан басқа киелі жердегі тарихи кешендермен танысуға да, мәдени шараларды тамашалауға да мүмкіндік алмақ.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив