KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

Шаруашылық басшылары саланы дамытудың жаңа көкжиектерін ашты

8.09.2013, 18:00 100


Абай ауданының төрінде өткен халықаралық «Шыңғыстау-2013» жәрмеңкесі көршілес жатқан Үржардың да тынысына тың серпін берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Қаленбек Қарашевтың айтуынша, өзге аудан, облыстардан бөлек, Ресей мен Моңғолиядан келген делегациялармен өзара пікір алмасып, тәжірибе алмасқан шаруашылық басшылары саланы дамытудың жаңа көкжиектерін ашқан.

Бірқатар үржарлық фермерлер басқа шаруа қожалықтарының басшыларымен келісімшартқа отырып, жас төлді анасынан ажырағаннан кейін сатып алуға уағдаласқан. Оның көбі – асыл тұқымды малдың аталықтары. «Батыр», «Мәди», «Қымбат» атты шаруа қожалықтары осы жәрмеңкенің жемісін үржарлық қожалықтардың ішінде алғашқы болып татпақ.
Ал дәстүрлі түрде өтетін «Шыңғыстау жәрмеңкесі» аудандағы мал сапасын жақсартуға және дамытуға үлкен көмегін тигізетіні белгілі.

Бейсенғазы Ұлықбек

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив