KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Термеліктер Тасбұлақ ауылына мәдениет үйін сыйлады

7.08.2013, 18:00 354


Үржардағы Тасбұлақ ауылында қараусыз қалған мәдениет үйі қайтадан іске қосылды. Оны жөндеуден өткізген - Күләш Ақашева басқаратын Өскемендегі «Терме ОСТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Іргетасы 1974 жылы қаланған мәдениет ошағының есігіне қара құлып ілінгеніне де біршама уақыт өткен-ді. Ойпыл-тойпыл заманда кетеуі кетіп, ешкімге керексіз болып қалған ғимараттың жөндеуін әуелде бір серіктестік қолға алғанымен, аяқсыз қалыпты.

Іші-сырты мұнтаздай болып, күрделі жөндеуден өткен ғимараттың 120 адамға арналған концерт залы мен кең сахнасы жарқырап тұр. Орындықтар да жаңартылған. Мәдениет үйінің бір ерекшелігі сол, оның ішінде спорт залы бар. Онда
ауыл жастарының қалаған уақыттарында кез келген спорт түрімен айналысуларына мүмкіндік мол. Сонымен қатар ауыл кітапханасы да осында орналасыпты. Әзірге мәдениет үйінде бес адам жұмыс істейді.

Араға біраз жыл салып, есігін айқара ашқан мәдениет үйінің лентасын ауыл ақсақалы С.Байтурин және аудандық мәслихат хатшысы М.Бітімбаев кескеннен кейін,аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары шағын һәм өте тартымды концерт қойды.

Бейсенғазы Ұлықбек

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив