KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Кіндіктілер жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастайды

7.08.2013, 18:00 250


Тарбағатай ауданындағы шалғайдағы елді мекендердің бірі – Кіндіктіде ШҚ облысы әкімінің тапсырмасымен салынған 144 орындық жаңа мектептің лентасы алдағы Білім күнінде қиылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұған дейінгі ғимарат апатты жағдайда болған. Енді мектептің жылу жүйесі автоматтандырылған, ыстық-суық суы жыл он екі ай беріледі. Сынып бөлмелері заманауи технологиялармен жабдықталған. Бес ин-
терактивті тақта, мультимедиялық орталық, кітапхана, спорт залы, ойын алаңдары сақадай-сай.

Аудандағы жаңа заман талабына сай салынған алғашқы мектеп − демографиялық ахуалдың жақсаруына барынша үлес қосып жатқан кіндіктіліктер үшін үлкен қуаныш. Бүгінде ауылдың кәрі-жасы жаңа білім ұясының ашылуын асыға күтіп жүр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив