KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

«Қазақ милләты» орталығы Семейде ашылды

28.07.2013, 18:00 151


Қазақ басылымдары мен кітаптарының өз оқырмандарына жетпей жататындығы туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Семейлік ардагер фотожурналист Қуанышбек Төлеуханов осы бір олқылықтың орнын толтыруға талпынып-ақ жүр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның бұл талпынысы алдымен Абайдың республикалық қорық-мұражайының директоры Жандос Әубәкірдің тарапынан қолдау тапты. Яғни, қазақ басылымдарын таратумен айналысатын орталыққа бұлар еш ақысыз орын бөліп беріп отыр. Одан кейінгі кезекте Қуанышбектің бұл оң қадамы кешегі «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналын қайтадан жалғастырып шығарып жатқан белгілі жазушы-баспагер, Алаш сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қоғабай Сәрсеке тарапынан да зор қолдауға ие болыпты.

Соның айғағындай, хакім мұражайында қазақ басылымдарын таратумен шұғылданатын Ахмет Байтұрсынов атындағы «Қазақ милләты» орталығының ашылу салтанатына Қоғабай ағамыз арнайы келіп қатысты. Ол бұл шараға құр қол келмепті, орталыққа бүгінде өзі шығарып жатқан «Қазақ» және «Айқап» басылымдарының соңғы нөмірлерін, сонымен бірге өзінің «Қазақия», «Қазақ шаруасы» және «Дешті қыпшақ» кітаптарын табыстай отырып, орталықтың алғашқы шығынын өзі көтеріп алатындығын да мәлімдеді.

Бұл кешегі Ахаңдардың «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірін шығарғанына 100 жыл толып отырған шақта жүзеге асырылып жатқан оңды шаруа болды. Қоғабай Сәрсеке айтқандай, оның Абай елінде қолға алынып отырғаны да қуанышты жағдай. Енді осындай игілікті шаруаға ұлтым дейтін қазақ кәсіпкерлері қол ұшын беріп жатса, әбден ғанибет болар еді.

Дәулет Сейсенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив