KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2,2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Катонқарағайда 62 адамға несие берілді

26.07.2013, 18:00 238


Аудандық жұмыспен қамту орталығының мәліметіне қарағанда, былтыр Катонқарағай өңірінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 62 адамға 154,5 миллион теңге несие берілген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Соның ішінде, мал шаруашылығын дамытуға 58 адамға 142,5 миллион, ара шаруашылығымен айналысуға 3 адамға 9 миллион, кулинарлық қызмет үшін 1 адамға 3 миллион теңге берілген. Осының арқасында ауылдарда жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті жұрттың әл-ауқаты артып келеді.

Мәселен, белқарағайлық Роза Сванова 4 миллион теңге несиеге Сөгір ауылының қасынан өтетін республикалық Өскемен-Рахман қайнары тас жолының бойында дәмхана ашты. Бұған қоса, қымыз өндіріп, жылқы және мүйізді ірі қара санын көбейтуде. Сол сияқты үштөбелік Жұмабек Қалиев 3 миллион теңге несиеге 7 бас жылқы, 10 бас ірі қара сатып алып, мал шаруашылығымен айналысуға ден қойса, үлкеннарындық Рашид Смағұлов та осынша мөлшердегі несиеге омарта шаруашылығын дамытып отыр. Келтіре берсек, мұндай мысалдар ауданда жетерлік.

Тұрсынхан Базарбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив