KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2,3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Несие алуға ниеттілердің қатары қалың

27.03.2012, 18:00 159


Ауданда «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен 31 556,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1 138,0 мың теңге бөлінген.

– Жұмыспен қамту орталығына 15 354 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 60 адамға, жастар іс-тәжірибесіне 12 адамға – 2 230 мың теңге бөлінді, – дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы Ұлан Мұхаметқалиев.
Биыл ауданда 134 жұмыссыз азаматты қайта даярлап, біліктілігін арттыру жоспарлануда. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 50 адамға 75 млн. теңге несие берілмек. Бірақ қазір шағын несие алуға ниеттілер қатары көп. 322 млн. 500 мың теңгенің жобалық құжаттары дайындалып қойған. Соған сәйкес аудан әкімі Ә.Мұхтарханов аймақ басшысына хат жолдап, қосымша қаражат сұрап отыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив