KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, В
481.84 531.33 5.07

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына бөлінген қаражатты мақсатсыз жұмсаған

20.12.2012, 18:00 117


Зайсан ауданында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына бөлінген қаражатты оңтайлы жұмсамағаны үшін қылмыстық іс тіркелді.

«Тәуекел – 2020» кредиттік серіктестігі» ЖШС басшысы Зәуреш Исаеваға «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 14 миллион теңге көлемінде несие бөледі. «Ертіс» корпорациясының заңгері Ғалым Қожекеновтің айтуынша, түскен несие сомасына З.Исаева өзге де құрылтайшыларына екіжақты келісім жасап беру керек болатын. Бірақ ол өз құрылтайшыларының сеніміне кіріп, тиесілі қаражатты дұрыс бөлмеген. Құрылтайшылар Қ.Абдуғалиев пен А.Боғамбаеваға тиесілі 3 миллион теңгенің 1,6 миллион теңгесін осы уақытқа дейін бермей, өзінің бас пайдасына асырған.

Аталмыш заң бұзушылық бойынша «Ертіс» корпорациясының өкілдері Зайсан ауданына барып, жағдайдың мән-жайымен танысқаннан кейін іс құқық қорғау органдарына жіберіледі. Зайсан аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А.Әлібекованың айтуынша, З.Исаева мен «Ертіс» ӘКК арасында несие келісімшарты жасалған. Бірақ З.Исаеваның өзіне тиісті 3 миллион теңгені мақсатсыз жұмсап, құрылтайшы Қ.Абдуғалиевке 3 миллион теңгені, А.Боғамбаеваға 1,6 млн. теңгені бермегені анықталды.

«Ертіс» корпорациясының бас менеджері Е.Мұқашевтың қатысуымен несиенің мақсатты жұмсалмағаны бойынша тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесі бойынша «Тәуекел – 2020» ЖШС басшысы З.Исаеваның бизнес-жоспарда көрсетілген ірі қара малдарды алмағаны, 3 миллион теңгені мақсатты игермегені анықталды. Осылайша, З.Исаева несиені тікелей мақсатында пайдаланбай, малды тірідей шығаруға тыйым салынған ауру ошағынан ірі қара малын және картоп сатып алып, «Ертіс» корпорациясына 3,9 миллион теңге залал келтіріп, Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық іс жасаған. Сот шешімі-мен З.Исаева кінәлі деп танылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив