KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Асфальт дайындау зауыты Шемонайха ауданында іске қосылды

23.07.2013, 18:00 140


Шемонайха ауданында «Көкжал бетон» ЖШС асфальт дайындау зауыты іске қосылды. Кәсіпорын Украинадан жеткізілген заманауи қондырғылармен жабдықталған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жұмысы компьютерге негіздел-ген зауыт толық қуатына көшкенде тәулігіне 600 тонна өнім дайындайды. Бұл шамамен 700-800 метр жолды қамтуға жетеді.

25 тонналық жүк көлігіне тиелген алғашқы асфальт осы ауданда салынып жатқан мектептің құрылысына жөнелтілді. Жалпы, бұл білім ошағына 1 мың тоннадай асфальт керек екен. Бұған қоса Верх-Уба ауылының жолына 1140 тонна, Шемонайха қаласындағы Астафьев көшесіне 1 мың тонна және басқа да жолдарға төсеуге «Көкжал бетонның» шикізаты пайдаланылмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив