KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

«Жасыл жапырақ» акциясы Шығыс Қазақстанда өткізілуде

22.07.2013, 18:00 191


Шығыс Қазақстан облысында екі жылдан бері «Жасыл жапырақ» акциясы өткізілуде. Акцияға 13 мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі қатысуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Акция аясында облыс орталығындағы Солжағалау кешенінің этно-графиялық-мұражай қорығында 580 түп әртүрлі жас өскіндер отырғызылды. Орман шаруашылықтары биылғы көгалдандыру іс-шаралары кезінде ауылдар мен қалаларды 26 мыңнан астам ағаш көшеттерімен қамтамасыз етті. Облыста көктемгі маусымда 12 саябақ, 10 сквер ашылып, 56 мың қума метрлік гүлзар салынды.

Биыл орманды қалпына келтіру аумағы 1507 гектарға дейін ұлғайтылып, жас өскіндер 580 гектарға отырғызылады. Орманшылар 2015 жылға дейін 4614 гектар алқапқа орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбекші.

Жыл сайын облыстағы орман алқабының көлемі ұлғайтылып келеді. Өткен жылы 1442 гектар алқаптың орманы қалпына келтіріліп, 570 гектарға жас өскіндер отырғызылды. Орман шаруашылықтарының ұжымдары орманды қорғау шараларын жергілікті тұрғындармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жүргізуде.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив