Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы туристік нысандарға апаратын 11 бағыт бойынша автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
«Таңсық бекеті – Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жолының құрылысы 2012 жылы басталған. Жолшылар келесі жылы осы жолды пайдалануға бермекші. Жергілікті жол пайдалану мекемелерінің ұжымдары «Мақаншы –Жалаңашкөл» автожолының 10-40 шақырымы аралығында және «Күршім – Қалжыр» автожолының 0-15 шақы-рымдық учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстарымен айналысуда.
«Үлкен Нарын – Күршім» автожолын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары 2011 жылы қолға алынған еді. Ол 2015 жылы аяқталмақ. «Барлық-Арасан – Алакөл көлі» автожолындағы 14 шақырымға таяу бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілуде. Казнаковка өтке-ліне кіреберіс жолдың 12 шақырымдық бөлігін де келесі жылы бітірмекші.
Былтыр «Күршім – Қалжыр» автожо-лындағы Қалғұты өзеніндегі көпірге және «Өскемен – Таулы Үлбі – Северное» жолындағы Смолянка өзеніндегі көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz