KZ
Өскемен
-5°
плотный туман жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Өскемен қаласында Астана қаласының туған күнін тойлау веложарыстан басталды

5.07.2013, 18:00 101


Өскемен қаласында Астана қаласының туған күнін тойлау веложарыстан басталды. Оған 70-тен астам адам қатысты.

Салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылған шараға негізінен өскемендіктер қатысты.

Өскемен қаласында Астана қаласының туған күнін тойлау веложарыстан басталдыВеложарыстың ең жас қатысушысы Мирсұлтан Бергалиев 8 жаста. Ол осымен 3 жыл қатарынан велоспортпен айналысады, сонымен қатар таэквондоға барады. Ол жарысқы әкесі Ғаббас Берғалиевпен келіпті. Әкесі мен ұлы спортты жанұя ретінде арнайы сыйлыққа ие болды.

Өскемен қаласында Астана қаласының туған күнін тойлау веложарыстан басталдыВеломарафонның ең жасы үлкен қатысушылары Рашит Мұхамеджанов пен Әділғазы Әлімбеков. Зейнет жасына қарамастан бұл кісілер мәреге еш шаршамастан, топтың бел ортасында жетті.

-Өзімнің осы жарысқа қатысуымды Президентке арнаймын, -дейді Әділғазы Әлімбеков. Жарысқа қатысушылардың кәнігі спортшы еместіктері олардың шаршаңқыраған түрлерінен байқалып тұрды. Соған қарамастан олардың жүздері шаттыққа толы еді.

Велоспорттың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив