KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
492.22 529.38 5.03

Өскемен қаласында соққан дауылдың салдарынан «Сәулетай» балалар үйінің аумағында төтенше жағдай қалыптасты

3.07.2013, 18:00 228


3-шілдеде Өскемен қаласында соққан дауылдың салдарынан облыс орталығында орналасқан «Сәулетай» балалар үйінің аумағында төтенше жағдай қалыптасты. Дүлей желдің екпініне шыдамаған бірнеше ағаш түбімен опырылып,құлап түсті. Ғимараттың шифері мен терезе жақтаулары қирады. Тәрбиеші балаларды қорғау мақсатында оларды дереу беседкаға жинағанымен, қатты соққан жел беседканы да көтеріп, аударып тастады. Көмекке жеткен ұжымның басқа да мүшелерінің күшімен балғындар басқа жаққа көшірілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүлдіршіндердің арасында зардап шеккендер бар. Егор Чистяков (2,7 ай) қолы сынды деген болжаммен және бас-ми жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жедел жәрдем көлігі сонымен қатар басында гематомасы бар ұл мен жеңіл жарақат алған қыз баланы да сол жерге апарды. Қазіргі уақытта балғындардың денсаулығы қалыпты.

Оқиға орнына қала әкімі Темірбек Қасымжанов пен әкімнің орынбасары Асқар Нұрғазиев, білім бөлімінің бастығы Александр Кузнецов, қалалық ТЖ бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Біләлов келді.
- Комиссия қандай шығын келгенін есептей жатады, ең бастысы адам шығыны жоқ., - деді қала әкімі.

Қала басшысы бала бақша аумағындағы қирандыларды дереу жинау, опырылған ағаштарды шығару жөнінде тапсырма берді. Сынған аттракциондар мен орындықтар жөнделетін болады.

-Ең бастысы даурықпа мен жел сөзге жол бермеу керек. Сағат 8-00-де бала бақша балаларды қабылдауға дайын болуы тиіс, азық-түлік жеткізу үшін жолдар тазалансын. Барлық коммуникациялардың жұмысы тексерілсін,- деді Темірбек Қасымжанов.

Сағат 20.00-де қалалық әкімдікте ТЖ бойынша штабтың отырысы өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив