KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Шығыс Қазақстан облысының балалар үйі тәрбиеленушілері арасында II жазғы облыстық спартакиада өтеді

2.07.2013, 18:00 174


Көкпекті ауданындағы К. Раев атындағы балалар үйінде Астана күнінің құрметіне орай 5-8 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының балалар үйі тәрбиеленушілері арасында II жазғы облыстық спартакиада өткізіледі , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Спартакиада 5-шілде күні К. Раев атындағы балалар үйінде салтанатты түрде ашылады.

Балалар үйі және интернат тәрбиеленушілері арасында дене шынықтыру мен спортты бұқаралық дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылмақ спорт мерекесіне Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы мұрындық болды.

Жарыстарда 1995-2001 жылы туған спортшылар президенттік көпсайыс, мини-футбол, үстел теннисі, армрестлинг және үстел дойбысы бойынша бақтарын сынамақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив