KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
477.45 527.1 5.24

Бородулиха ауданындағы тұңғыш Арбат фестиваль

2.07.2013, 18:00 180


Бородулиха ауданында жастар орталығы Жастар субмәдениеті күніне арналған тұңғыш Арбат фестивалін ұйымдастырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәдени шарада жиналғандарды Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Р.А.Атаева құттықтады.

Арбат фестивалі жастар субмәдениеті өкілдерінің қойылымдарымен жалғасты. Фестивальге қатысушылар көпшіліктің назарына өздері жазған әндерін ұсынды. Сахнаға бірінші болып «Посвящение» әнімен Loner шықты. Одан кейін Frans NS и Вектор, Әсия Байжұманова да өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар Семей қаласынан Олеся Багинская мен Картер арнайы шақырылды.

Бородулиха ауданындағы тұңғыш Арбат фестивальКТК қатысушылары Азамат Атанбаев пен Данияр Тоқтаров өз қалжындарымен жиналған жұртты мәз қылдырды. Бағдарлама «Ерекше рингтон», «Икемді», «Әсем ару», «Мерген», «Ең қатты», «Батыр» сынды көңілді байқаулармен жалғасты.

Іс-шараға қатысқандардың барлығы құнды сыйлықтар және жүлделермен марапатталды.

Бородулиха ауданындағы тұңғыш Арбат фестиваль«Арбат фестивалі Бородулиха ауданында тұңғыш рет өтті, мұндай фестивальдарды түрлі тақырыптар бойынша алдағы уақытта да өткіз тұрмақпыз. Алғашқы фестиваль жастар би кеші және отшашумен аяқталды», дейді жастар орталығы директорының міндетін атқарушы З.Атамбекова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив