KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Жерлесіміз алтыннан үш бірдей алқа тақты

1.07.2013, 18:00 153


Гонконгтегі спорт базасында байдарка және каноэда ескек есуден өткен Азия чемпионатында өскемендік Светлана Полежаева үздік нәтижеге жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жарыста Қазақстан ескекшілері тамаша өнер көрсетіп, үш алтын, бір күміс, бес қола медальді жеңіп алған болатын. Осы чемпионатқа қатысқан біздің облыстың спортшылары да олжалы оралды.

Светлана Полежаева жарыстың үш түрінен де топ жарып, слаломды есуде, су үстінде шапшаң құлдилауда және тегіс су айдынындағы слаломда бәсекелестерінен дара шығып, үш бірдей алтын медальды иеленді. Ол бұған қоса командалық жарыстарда күміс және қола медальдарға ие болды. Мұның өзі біздің ескекшілер арасында бұрын болмаған ерекше жетістік екенін атап айту керек. 2008 жылғы Азия чемпионатында ол күміс жүлдегер атанса, енді міне, бас жүлдені еншіледі.

Байдарка есу жарыстары түрінен өскемендік ескекші Екатерина Лукичева екі бірдей қола медальға ие болды. Ал каноэ есуде жерлесіміз Александр Куликов та дәл осындай жетістікке жетті.

Спорттың бұл түрі біздің облыста жақсы дамып келе жатқанын ескекшілеріміз тағы да дәлелдеді. Бұл күндері Светлана Полежаеваны, Екатерина Лукичеваны, Александр Куликовты жаттықтырушы Владимир Куликов баптап, жарыстарға даярлауда.

Еліміздің құрама командасы сапындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер халықаралық жарыстарға даярланып жатыр. Жерлестеріміз жаттығу жиындарын Үлбі өзеніндегі өздеріне қолайлы учаскеде өткізуде.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив