KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Шығыста «Сәулетай» балалар спорт ойындары басталды

27.06.2013, 18:00 226


Семей қаласындағы «Спартак» стадионында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін, Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған XVII облыстық халықтық спорт ойындары және IX облыстық «Сәулетай» балалар спорт ойындары салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Халықтық ойынның ашылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сөз сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарысқа қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

Мұндай ауқымды спорттық жарыстың Семей жерінде өткізілуі тегіннен тегін емес. Қазақстан футболының Отаны саналатын Семейдегі жастар мен қала тұрғындары спорттың көптеген түрімен айналысады. Жанкүйерлер де аз емес.

Шығыс Қазақстан облысы өңірде спорттың көптеген түрін дамытумен қатар, талантты спортшыларды анықтап, оларға нақты қолдау көрсету арқылы шеберліктерін шыңдауға жағдай жасап отырған бірден-бір облыс. Сондықтан да бұл жолғы Халықтық ойын Қазақстан футболына 100 жыл толуына арналды. Жарысқа облысымыздың түкпір-түкпіріндегі мектептердегі үздік деп танылып, іріктеліп алынған оқушылардан жасақталған 19 команда қатысады.

10 мыңнан астам шығысқазақстандық қатысқан салтанатты шараның соңы от шашуға ұласты.

Ж. Санияз

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив