KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Шығыс Қазақстандағы мектеп директорлары қызылордалық әріптестерінің жолын құшулары ықтимал

26.06.2013, 18:00 72


Шығыс Қазақстандағы мектеп директорларына тықыр таянды. Олар қызылордалық әріптестерінің жолын құшулары әбден ықтимал.Облыстық білім басқармасының басшылары да жақын уақытта жұмыссыз қалуы мүмкін , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өңір әкімі Бердібек Сапарбаев ұлттық бірыңғай тестілеуде облыстың төмен нәтиже көрсетуіне байланысты бірнеше лауазымды тұлғаның қызметіне сәйкестігіне күмән келтірді.


Елдің бас емтиханында облыстың нәтижесі жылдан жылға төмендеп, биыл 13-ші орынға дейін құлдыраған. Үздік түлектердің төрттен бірі ғана "Алтын белгіге" лайық екендерін дәлелдеген. Бұл ретте ұстаздар білімді жастардың 9-шы сыныптан кейін колледждерге кететінін немесе "Назарбаев" мектептеріне ауысатынын айтып, ақталмақ болды. Алайда "бұл тек сылтау" деген Бердібек Сапарбаев мектеп директорлары мен білім басқармасының басшыларын жерден алып, жерге салды.

"Сізден бастап ұят жоқ, намыс жоқ. Мына жүрек жоқ. Өзінің ұлтына деген, Отанына деген. Әйтеуір күнім өтсе екен, бүгін келдім таңертең, кешке дейін ұйықтаймын, қайтам, сонымен болды. Ертең бір нәрсесі болар деп" деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив