KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Нұрсұлтан Назарбаев Семей қаласына облыстық статусты беру тек шенеуніктерге ғана тиімді екенін айтты

26.06.2013, 18:00 56


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Семей қаласында болған сапарында шаһарға облыстық статусты беру тек шенеуніктерге ғана тиімді екенін айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Қарапайым халық ештеңе де жоғалтқан жоқ., шенеуніктер жылы орындарынан айырылып қалды. Ал егер осы жерде тағы бір әкімдік, тағы бір прокуратура мен қаржы полициясы бар делік, одан сіздер не ұтасыздар? Одан да жақсы тұрмыс болғаны қажет. Біз бір елде тұрамыз.
Мен кезінде 230 ауданның 70 қысқарттым, бұл дегеніміз 25 мың шенеунік, 1994 жылы зейнетақыны немен төлерімізді білмедік. Осылайша үнемделген қаражатты зейнеткерлерге бердім. 19 облыстан 16 облыс қалды. Ештеңе өзгеріп кеткен жоқ, қайта бәрі жақсы.
Сондықтан да облыс статусы туралы айтатындар орнынан айырылған шенеуніктер ғана. Басқаларға жайлы өмір, жақсы тұрмыс қажет. Қарапайым халық болашаққа сеніммен қарағысы келеді» деді Елбасы семейліктермен кездесу барысында.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив