KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 4 м/с, СШ
447.25 485.18 4.96

Қазақстан поштасының жеке шаңырақ көтергеніне жиырма жыл

23.06.2013, 18:00 210


Биыл - Қазақстан поштасының жеке шаңырақ көтергеніне жиырма жыл. Құрылғалы бері негізгі пошталық және қаржылық қызметтің барлық азаматтарға қолжетімді болуын мұрат тұтқан бұл мекеме жұрттың алғысына бөленіп келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның жарқын мысалын Семей қалалық пошта байланысы торабының жұмысынан көруге болады. Бұл мекемені ондаған жылдардан бері республика байланыс саласы-ның құрметті қызметкері Манарбек Молдарахимов табысты басқарып келеді. Мұнда айлық, тоқсандық, жылдық жоспарлар асыра орындалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерін оқырман арасында кеңінен насихаттап, тарат-қаны үшін «Шығыс-Ақпарат» ЖШС-нің грамотасымен марапатталған.

Құрамында қырыққа жуық бөлімшесі бар ұжым жақында жиырма жылдық мерекелерін атап өтті. Оған «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры Е.Көбентаев қатысып, байланыс торабының үздік қызметкерлеріне мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тапсырды. Мереке соңы спорт жарыстарына ұласты.

Дәулет Сейсенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив