KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Күршімде «Қазпошта» клиентінің есепшотынан 756 512 теңге жымқырылған

17.08.2018, 05:47 143

Күршім ауданы «Қазпошта» аудандық филиалы Теректі бөлімшесінің басшысы қызмет бабын пайдаланып, пошта қызметін пайдаланушы үш азаматтың қаржысына қол сұққан. Сондай-ақ, екі операторды заңсыз әрекетке итермелеп, клиенттердің қатысуынсыз қаражаттарды есеп-шоттарғадан алып, қайта салған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.  


Бұл жөнінде Күршім аудандық пошта байланыс торабында Сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ШҚО бойынша департаменті Зайсан аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің аға офицері Сержан Қырықбаев өткізген жиында айқын болды.


Жиналысқа пошта байланыс торабы басшысының орынбасары Сандуғаш Қайшабаева, пошта байланыс бөлімшелерінің басшылары, операторлар мен пошта тасушылар қатысты.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудан-аралық қызметтің маманы Теректі ауылдық округіндегі (қазіргі Марқакөл) «Қазпошта» аудандық пошта байланыс торабының басшысы А.Н.-ға қатысты сотқа дейінгі жүргізілген тергеу амалдарының қорытындысымен таныстырды.Белгілі болғаны, пошта клиенттерінің бірінің есепшотынан 756 512 теңге жымқырылса, тағы екі клиенттің есепшотынан 500 мың және 182 035 теңге заңсыз алынған. Біраз уақыт өткен соң бөлімше басшысының нұсқауы бойынша екінші оператор 500 мың теңгені қаржы иесінің есепшотына қайтадан салған.


Аталған бөлімше қызметкерлерінің мұндай заңсыз әрекеттері ішкі арнайы тексеру іс-шараларының нәтижесінде әшкереленіп, тергеу амалдарының қорытындысы сотқа жолданған.


«Қазпошта» қызметінің беделіне нұқсан келтіретін мұндай өрескел заңбұзушылықтар басқа қызметкерлерге сабақ болып, заңсыз әрекетке барғандар жауапкершілікке тартылатындығы айтылған жиында бөлім басшысының орынбасары С.Қайшабаева түсінік жұмыстары тұрақты әрі пәрменді  жүргізілетіндігін баса айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив