Әскери қызметшілердің балаларына мереке сыйлады
№5518 әскери бөлімі Балаларды қорғау күнін атап өтті.
Мерекеге әскери қызметшілердің 3-10 жас аралығындағы 50-ге жуық бала қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қатардағы сарбаздар мен офицерге дейін балалар үшін арнайы әскери техника қойылым ұйымдастырып, аквагрим мен қызықты челендждер ұйымдастырды. Сонымен қатар, әскери бөлімге келген балаларға тәттілерге толы мерекелік дастархан жайылды.
- Мұндай шараларды біз жылда ұйымдастырып тұрамыз. Себебі әскер тек қатаң тәртіпті орта ғана емес, мұнда да өз балаларымыз үшін мерекелік шаралар ұйымдастырып, отбасымен бас қосу дәстүрге айналған, - дейді №5518 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Серік Ноғаев.
Оқи отырыңыз