KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Өскеменде жас өнерпаздардың фестивалі өтті

1.06.2024, 14:00 158 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында әртүрлі үйірмелерге қатысатын жасөспірімдер мен оқушылардың арасында «Біз бақытты баламыз» фестивалі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мерекеге орай ұйымдастырылған фестивальге 500-ден астам бала қатысты. Олар 22 бағыт бойынша шығармашылық үйірмелерге тегін барады. Бірі ән шырқаса, енді бірі төгілдіріп күй шертті. Енді бірі мың бұрала би билеп, Сол жағалау кешеніне жиналған балақайларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

– Бүгін әртүрлі бағыттағы үйірмелерге қатыстан өнерлі балалардың қатысуымен фестиваль өтіп жатыр. Бұл өңірдегі өнерлі балаларға көрсетілген үлкен қолдау деп ойлаймын. Бірі ән салып, бір би билеп мерекені қуанышпен қарсы алуда. Біздің бар мақсатымыз балаларды қуанту, өнерлі өрендерімізге қолдау көрсету, – дейді ұстаз, «Әкелер мекетбінің» негізін қалаушы Ертісбек Сәдуақасов.

Сондай-ақ мерекелі күнге орай этнопарктегі киіз үйлердің бірінде «Мархабат.кз» мүгедектер қоғамының ұйымдастырумен «Ғаламат суретшілер галериясы», «Сырлы әлемге үңілу», және «Шексіз шығармашылық» атты сурет көрмесі өтіп, көпшілік қызыға тамашалады.

– Бүгінгі күніміз керемет өтіп жатыр, өте қуаныштымын. Бізге осындай қуанышты сәт сыйлаған ата-анамызға, ұстаздарымызға рахмет! Барлық балалар бүгінгі күнді қуанышпен өткізуіне тілектеспін, – дейді фестивальға қатысушы оқушылардың бірі Айым Қасымханова.

Осылай Сол жағалау кешеніне жиналған балақайлар бүгінгі күнді қуанышпен қарсы алып, «Біз бақытты баламыз» фестивалін тамашалап қайтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив