KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Ауылда банкомат орнатылды

24.05.2012, 18:00 112


«Қазпошта» АҚ облыстық басқармасының мамандары Күршім ауданының Теректі ауылындағы пошта бөлімшесі орналасқан ғимаратқа банкомат қондырғысын орнатып, іске қосып берді.

– Бұл шаруа аудандық «Қазпошта» торабының бастығы Б.Қойлыбаевтың арнайы жасаған ұсынысы бойынша жүзеге асты, – дейді бөлімше бастығы А.Нұрпейісова.
Маманның айтуынша, ауылдағы №1, №2 орта мектептердің, №2 медбірлестік пен кәсіптік лицейдің, басқа да бюджеттік ұйымдардың бес жүзден астам қызметкері банкомат қызметін пайдалануға көшкен. Таяуда оларға визалық карточкалар беріліп, осыған дейін пошта қызметін пайдаланғандарға тегін қызмет көрсетілмек.

«Қазпошта» қызметкерлері алдағы уақытта зейнетақыны да осы жаңа жүйе арқылы беруді жоспарлауда.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив