Достық үйінің алаңында балаларға арналған ерекше мерекелік шара өтті
Достық үйінің алаңында «Бесік арбалар шеруі» өтті.
Оған қатысқан ата-аналар бесік арбаларды түрлі әшекейлермен безендіріп әкелді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Достық үйі кішкентай қала тұрғындарына сүйікті ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен мерекелік концерт қойды.
Балалар ертегі еліне сахаттап, әртүрлі ойындар ойнады, ән айтып, би де биледі, эстафеталарға қатысып, әртүрлі сұрақтарға жауап берді және күштерін сынап көрді. Одан өзге, дәмді балмұздақтар да үлестірілді.
Сонымен қатар, «Бесік арбалар шеруі» өтті. Бесікті шарлармен, ленталармен, әшекейлермен және тіпті үй жануарларымен безендіргендер де болды.
Қатысушылар түрлі номинациялар бойынша дипломдар мен жүлделерге ие болды.