KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Балалық шақтың бақытты сәттері

23.06.2013, 18:00 128


Өскемен қалалық білім бөлімінің бастамасымен биылғы демалыс маусымында оқушылардың жаздық демалыс күндерін ойдағыдай өткізуге жақсы мүмкіндіктер жасалып отыр.
Ұлан ауданының Тайынты ауылында орналасқан «Арман тау» лагері туристік демалыс орны қала мектептерінің оқушылары үшін жаздық демалыс күндерін ойдағыдай бастады. 10 және 15 жас аралығын қамтыған алғашқы топ 62 оқушыдан құралса, алдағы уақытта әлі 8 топ бүлдіршіндер 7 күн уақыттарын сол арада өткізбекші.
Алғашқы болып лагерьге демалуға барған оқушылар 16 палаткаға орналасқан. Олар тәрбиеші педагогтардың көмегімен қатар, дәрігерлердің қадағалауында болады.

Балалар «Арман тау» лагеріне келушілер тоғыз топқа бөлініп келмек. Уақытымен тамақтандырумен қатар оқушыларды оқу-жаттығу әрекеттерімен шұғылдандырып отырған тәрбиешілер әр мектептің оқушылары бір жерде демалуының өзара араласып, қарым-қатынас жасауына да ықпалы мол екендігін айтады.
-- Мен жаздық демалыс күндерімді осы арада өткізуге алғаш рет келіп отырмын. Мен бұл лагерьден өзіме жақсы достар таптым. Уақытымызды тиімді пайдаланып, табиғат аясында спортпен де айналысамыз. Бізге осындай жақсы демалысқа мүмкіндік жасаған ұстаздарым мен ата-аналарыма зор алғысымды айтқым келеді, – деді Гауһар Атажан.

Мәлімет көзі Аltaynews. kz
Жанаргүл Қожамкей




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив