KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Шығыс Қазақстанда жол-көлік апатының салдарынан 2 адам қайтыс болды

3.04.2013, 18:00 160


Шығыс Қазақстанда жол-көлік апатының салдарынан 2 адам қайтыс болды, тағы 2 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемен-Шемонайха тас жолының 10 шақырымында КамАЗ пен Дэу Нексия көліктері бетпе-бет соғылды. Шемонайха бағытында кетіп бара жатқан КамАЗ-дың (бензовоз) жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан көлікпен қақтығысты.

Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің 67 жастағы жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жеңіл көліктегі тағы екі жолаушы бастарынан жарақаттанып, ауруханаға түсті.

Осы қайғылы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 296-бабының 3-тармағы бойынша қылмысты іс қозғалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив