KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Шығыс Қазақстан облысында КамАЗ жүк көлігінің астына кіріп кеткен жеңіл көліктің жүргізушісі мерт болды

13.08.2013, 18:00 101


Шығыс Қазақстан облысында КамАЗ жүк көлігінің астына кіріп кеткен жеңіл көліктің жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен-Самар тас жолының 22 шақырымында жол-көлік апаты орын алды.

Жол сақшыларының айтуынша, ВАЗ-21099 жеңіл көлігінің 27 жастағы жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс арттырудың салдарынан КамАЗ-5320 жүк көлігінің астына кіріп кеткен.

Бақытсыз оқиғаның салдарынан ресейлік көліктің жүргізушісі алған жарақаттардан апат орнында қайтыс болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив