KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

«Жұлдызды сәт» атты қазақстандық жаңа жобада Теміртау қаласының әншісі жеңіске жетті

11.06.2013, 18:00 242


«Жұлдызды сәт» атты қазақстандық жаңа жобада Теміртау қаласының әншісі жеңіске жетті. Бала күнінен ән айтқан Арман Қарынсау жобада көрерменнің көзайымына айналды. Жеңімпазды жерлестері сапаржайдан күтіп алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі 24 kz телеарнасына сілтеме жасап.

«Жұлдызды сәт» – әлемнің 39 еліне танымал думанды жоба «Got Talent» шоуының баламасы. Байқаудың финалына тек 8 адам жетті. Оларды қазылар көрермендердің дауысы арқылы таңдады. Жобаның жүлде қоры – 5 млн. теңге. Жүзден жүйрік атанған Арман Қарынсаудың енді аяғынан тік тұрып кетуіне мүмкіндік туды. Бозбала 14 жасында жол апатына ұшырап, мүгедек арбасына таңылған болатын. Арман сыйақыны Германияға барып, ем қабылдауға жұмсамақ.

"Бұл жеңіс – тек менікі емес, барша елдікі, барша қарағандылық жерлестерімдікі. Осы жүлдемді аяққа тұрып кету үшін жұмсаймын" дейді байқау жеңімпазы Арман Қарынсау.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив