KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Семейде қылмыскер 2 жастағы сәбиді ұрып өлтірді

10.06.2013, 18:00 168


Семей қаласының тұрғыны өзімен бірге тұратын әйелдің 2 жастағы сәбиін ұрып өлтірді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қаланың ІІБ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері хабарлағандай, оларға 3-маусымда тұрғын үйлердің бірінде 2011 жылы туған бүлдіршіннің мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. «20 жастағы келіншек «Алматы-Семей» поездында кетіп бара жатқанда баланы рельске түсіріп алғанын айтты. Одан кейін айтқанын өзгертіп, балғынды автобуста құлатып алғанын жеткізді», деген баспасөз қызметінің мамандары келіншектің бір де бір сөзі расталмағанын айтты. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, қолдары сынған бала бас-ми жарақатынан қайтыс болған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде әйелдің 29 жастағы көңілдесімен тұратыны анықталды, ол қайғылы оқиғадан соң қарасын батырған көрінеді. Еркек бұған дейін төбелес үшін сотталған, бостандыққа шыққанына 9 ай ғана болыпты.
«Біз барлық бөлімшелерге күдіктіге бағдарлама жіберген едік. Жуықта ол Семей-Бородулиха тас жолының бойында ұсталды. Полиция қызметкерлерінің назарына жаяу-жалпы келе жатқан жігіт ілініп, күдік туғызған, тексерген кезде қасында ешқандай құжат болмай шығады. Сол себепті полиция бөлімшесіне жеткізілген» деп түсіндірді басқармада.

Күдікті қазір кінәсін мойындап отыр. Ол баланың анасымен бірге ішімдік ішкендерін айтқан. Бала жылап қоймаған соң, оны тыныштандырмақ болған еркек басынан бірнеше рет жұдырықпен қойып қалыпты. Қазір күдіктінің үстінен қылмысты іс қозғалды, ол 25 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив