KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Глубокоеда ер адам өзімен бірге тұратын әйелді ұрып өлтірді

18.03.2012, 18:00 194


Глубокое ауданында ер адам өзімен бірге тұратын әйелді ұрып өлтірді, деп хабарлады полиция қызметінен.

34 жастағы азамат бұған дейін бірнеше рет сотталған, соның ішінде кісі өлтіруге әрекет ету қылмысы бар. Бірлескен отырыс барысында ол 28 жастағы дос қызын өзінің танысынан қызғанған. Қайғылы оқиға кеше кешқұрым, ұсталған азаматтың үйінде болды. Болашақ құрбанымен бірге кешкі ас ішіп отырғанда, үйіне өзінің екі танысы келген. Отырыс аяқталып ер адамдар үйлеріне кеткен соң, ол әйелді қызғанып, онымен ұрыса бастаған. Әйелді еденге құлатып, аяғымен басынан ұрып-соққан. Соның салдарынан әйел оқиға орнында мерт болды.

Жасаған қылмысы туралы М. есімді азамат полицияға өзі хабарлады. ҚР ҚК-нің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив