KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Зырянда 19 жастағы жігіт 68 жастағы зейнеткерді қылғындырып өлтірді

14.06.2013, 18:00 138


Зырян қаласында 19 жастағы жігіт 68 жастағы шөлмектесін алдымен ұрып, соңынан қылғындырып өлтірді , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қылмыс 19 жастағы жігіт пен тұрғылықты жері жоқ 68 жастағы зейнеткер бірігіп ішімдік ішкеннен кейін орын алған.

Тәртіп сақшылары кісі өлтіру Зырян қаласындағы Горький көшесі бойында қараусыз қалған жертөлелердің бірінде болғанын анықтады. Жігіт пен қария арасында туған жанжал кезінде зейнеткер ер адамды балағаттаған көрінеді. Ызаға булыққан жігіт өш алу мақсатында алдымен әйелдің басынан соққан, содан кейін арқан алып, қылғындыра бастайды. Соның салдарынан зейнеткер оқиға орнында қайтыс болды.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер Тұрғұсын ауылының 19 жастағы, бірін істі болған тұрғынының ізіне түседі. Қазір күдіктіге ҚР Қылмысты Кодексінің 96-бабының 1-тармағы бойынша айып тағылып, қамауға алынды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив