KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Кеңес Одағының Батырын еске алуға арналған әскери эстафета

5.06.2013, 18:00 108


Жас өспірімдерге арналған әскери-жаттығу жиындары барысында тұңғыш рет малоубалық Кеңес Одағының Батыры Клим Клиновицкийді еске алуға арналған әскери эстафета ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ақпарат орталығының мәліметіне сілтеме жасап.



Бес сайыстан тұрған тартысты эстафета жарыстарында 3-взводтың жауынгерлері ( командир Е.Әубәкіров) алғы шептен көрінді. Екінші және үшінші орындарды В.Б. Черкасов пен А.А. Көшкімбаевтың басқаруындағы сарбаздар жеңіп алды.

Әскери-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша 10 оқушы білім беру бөлімінің құрмет грамотасымен, 14 жас өспірім жиындар басшысының грамотасымен марапатталды. Жиынға қатысқан бозбалалардың барлығына естелік сыйлықтар тапсырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив