KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,5 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Ауыл мектебінің технология пәні кабинеті заманауи құралдармен жабдықталды

2.06.2013, 18:00 274


Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы К.Нұрбаев орта мектебінің кітапханасы жаңа кітаптармен толығып, технология пәні кабинеті қайта жабдықталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Туған жерге – тағзым» акциясы аясында ақсуаттық Қапасовтар әулеті марқұм болған Рашид Қапасов пен қарындастары Шәкен Қапасованы еске алу құрметіне осындай шара ұйымдастырып, игілікті іс атқарды.

Рашид Қапасов кезінде К.Нұрбаев атындағы орта мектепте ұзақ жылдар бойы мұғалім болып, 20 жыл басқарған да еді. КСРО-ның, сондай-ақ, «Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері» атақтарымен қоса «Еңбектегі ерлігі үшін» медалін алып, екі мәрте Елбасының Алғыс хатымен марапатталған Р.Қапасов есімі осы бір күні мектеп кітапханасына берілсе, алдағы уақытта мектептегі технология пәні кабинеті Шәкен Қапасованың атымен аталатын болды. Ш.Қапасова да аталған мектепте 20 жылға жуық мұғалім болып жұмыс істеп, жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосқан еді.

Мектеп кітапханасын бір миллион теңгенің кітаптарымен толықтырған Қапасовтар әулеті сонымен қоса технология пәні кабинетіне құны 400 мың теңгені құрайтын заманауи үлгідегі іс машинасын, үтік, электр плитасын және ас үй жиһаздарын алып беріп, мектеп ұжымы мен оқушылардың, сондай-ақ, ата-аналардың алғысына бөленді.

Бибигүл Баймұратова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив