KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Егіздер шеруі жалғасын табады

2.06.2013, 18:00 281


Павлодарда алғаш рет егіздер шеруі өтті. Соңғы жылдары Ертіс өңірінде егіздер саны артқан, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі
24 kz телеарнасына жүгініп.

«Қос қанат» атты фестивальға Павлодар облысының мектептері мен балабақшаларынан 126 жұп жиналды.

Бүлдіршіндер би билеп, ән айтып жұртшылыққа ұмытылмас әсер сыйлады. Мереке соңында көк аспанға күннің символы ретінде сары түсті шарлар ұшырылды. Егіз балалардың ата-аналары мен тәрбиешілерінің айтуынша, түрлері бірдей болғанымен, бұл балалардың мінездері әртүрлі және олар өзара өте тату болып келеді.

Жанпейіс және Нұрпейіс Мақановтар, егіздер:
- Бүгінгі мереке бізге ұнады, осында қызықты, егіздер де көп болды.

Анар Баймұратова, мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері:
- Биыл «Қос қанат» фестивалін бірінші рет облыс бойынша өткізіп жатырмыз. Облыс бойынша 383 егіз бар, бүгінгі фестивальға 116 егіз қатысып отыр. Балалар – біздің болашағымыз. Бүлдіршіндерден үлкен үміт күтеміз.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу