KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Зайсандық оқушылардың өз автобусы бар

1.06.2013, 18:00 91


Зайсан ауданындағы Абай орта мектебі шәкірттеріне аудандық әкімдік тарапынан жаңа автобус сыйға тартылды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оқушылар 24 орындық «ПАЗ» автобусымен алғашқы сапарларын киелі Шілікті өңіріне саяхатынан бастады. Балғындардың қуанышында шек жоқ.

"Аудан әкімінің қолдауымен 6 млн теңгеге жуық қаражатқа алынған автобус осы уақытқа дейін ескі көлікпен жүрген біздерге үлкен сый болды. Алдағы уақытта балаларды Абай атамыздың туған жеріне, Семей қаласындағы мұражайларға балаларды апару секілді жоспарларымыз бар. Ата-аналар мен мектеп ұжымы атынан аудан басшыларына шынайы алғысымызды білдіреміз,- дейді мектеп директоры Г. Ахтанова.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив